Елордалықтар тіркелмеген автотұрақтарға ақша төлеп келген: Әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Елорда тұрғындары үшін "Нұржол" бульварынан басқа, қалалық көше мен жол желісі бойында орнатылған "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің автотұрақтары үшін төлем жасаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы Марат Есеркепов мәлімдеді.

"Сіздерге "Парковочное пространство Астаны" ұйымының паркоматтары жұмыс істемеуі керек екенін хабарлаймыз. Олар ресми рұқсат алмаған. Азаматтарға Нұржол бульварын қоспағанда, бұл орындарға ақы төлеудің қажеті жоқ. Паркоматтарды пайдалануға рұқсат алынбағандықтан, қалалық бюджетке қаражат түспеген, ал іс жүзінде адамдар серіктестіктің рұқсат етілмеген паркоматтарына ақша төлеген кезде, ақша серіктестіктің өзіне аударылған", - деп түсіндірді Марат Есеркепов.

Көлік басқармасы мемлекеттік кірістер департаментіне "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау мақсатында хат жолдады.

"Қазіргі уақытта біз мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін күтіп отырмыз, жауап алғаннан кейін төлем қарастырылмаған тұрақ орындары үшін алынған қаражатты қайтару механизмі туралы қосымша ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады", - деп түсіндірді спикер.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан әкімдігі келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны және талаптарды елемегені үшін сотқа "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы арыз берген. Жабдықты бөлшектеу қажеттілігі туралы серіктестікке бірнеше рет хабарлама жіберілді, өтініштер еленбеді.

"Парковочное пространство Астаны" ЖШС-нің бірнеше бұзушылықтары мен тұрғындардың шағымдарына байланысты елорда әкімдігі жобаны кеңейтуді тоқтата тұру туралы шешім шығарып, келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр