AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандықтар демалыс күндері қандай нысандарға кіре алады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева демалыс күндері істейтін нысандарға кіру тәртібін түсіндерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"28 тамыздан бастап Ashyq бойынша жұмыс істейтін нысандар демалыс күндері жұмыс істейтін болды. Осылайша, мекемелер түн ортасына дейін, ал "Ashyq көшбасшыларына" түнгі екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Осы орайда талапқа сәйкес, нысанға тек "жасыл" мәртебелі қызметкерлер мен келушілер кіреді. Яғни вакцина алған, теріс нәтижелі ПТР тесті бар, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда коронавируспен ауырған адамдар үшін берілген "жасыл мәртебеге" енгендер кіреді. Нысандарға тек "жасыл мәртебе" иелерін кіргізу туралы талап сенбі, жексенбі күндері ғана болады. Ал жұмыс күндері "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар бұрынғыдай қала бойынша еркін жүре алады", – деді Ж.Пралиева.

Оның айтуынша, демалыс күндері "көк мәртебесі" бар адамдарға қойылған шектеулерге қарамастан, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, жоғары оқу орындары мен колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына жол беріледі.

"Бұл шаралар коронавирустық инфекцияның халық арасында таралу және жұқтыру қаупін болдырмау үшін қабылданды, сонымен қоса, мекемелерде "жасыл мәртебесі" бар келушілер өздерін қауіпсіз сезіну үшін. Халықтың көп бөлігі вакцина алмайынша, пандемия аяқталмайтынын жұрт түсіну керек. Бұл бізге бұрынғы және қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді", – деді ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр