Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық ЖОО қызметкері шетелдіктерге өтірік шақырту рәсімдеп берген

құжат

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі шетелдіктерге Қазақстанда тұруға заңсыз құжат берген қызметкерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерді заңдастыру арнасын ұйымдастырған көрші мемлекеттің тумасын ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жалған құжат арқылы көршілес елдердің азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға ықтиярхаттарды заңсыз берген.

Тінту кезінде дайын медициналық бланкілер, мөрлер, электронды тасымалдағыштар, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар тәркіленді.

Елордадағы оқу орындарының бірінде екі қызметкердің 68-ден астамы алыс шетел азаматына оқуға жалған шақырту бергені анықталды. Схеманы жүзеге асыру үшін олар шетелдік студенттерді тарту үшін кәсіпкермен ресми келісімшартқа отырған Осы құжаттар негізінде шетелдіктер Қазақстанға келіп, Алматыдағы кәсіпорындарда заңсыз жұмыс істеген.

“Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жылдың басынан бері заңсыз көші-қонның сегіз арнасы анықталды. Ұйымдастырушылар заңдастыру және мемлекеттік шекарадан өту үшін жалған құжаттарды жасаған”, – дейді ІІМ криминалдық полиция басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 17:00
Талқылау