Елордалық тұрғын электронды вакцинация куәлігіндегі қатеге шағымданды
Нұр-сұлтан қаласынан келген колледж мұғалімі оның вакцинация паспортындағы қате туралы мәлімдеді. Оған үш жарым ай бойы түзетеміз деп уәде беріп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz басылымына сілтеп хабарлайды.
2021 жылдың 9 наурызында астаналық тұрғын "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды.
"Бізге әріптестерімізбен вакцинациялау ұсынылды, біз бардық. Олар мені тексерді, бәрі жақсы, дәрігерлерге шағым жоқ. Мен өте сақ адаммын, "Спутник V" деп жазылған бөтелкені көрдім. Олар вакцина салып, бір айдан кейін екінші компонентті салды", – деді ол.
Біраз уақыттан кейін әйел өзінің электронды вакцинация паспортында "Спутник V" орнына Vero Cell препараты (Sinopharm вакцинасының балама атауы) көрсетілгенін анықтады.
"Мен дереу вакцина салған дәрігерге қоңырау шалдым. Ол көп адамдардың атын атап, екі апта ішінде қатені түзетуге уәде берді", – дейді астаналық келіншек.
Оның айтуынша, 3,5 айдан өтсе де мәселе шешілмеген. Вакцинацияның электрондық паспортында әлі де Қазақстанда наурыз айында болмаған Vero Cell вакцинасы көрсетілген. Vero Cell (hayat-Vax, БАӘ-де өндірілетін Sinopharm Пекин биологиялық өнімдер институтының қытайлық вакцинасы) Қазақстанда тек мамыр айында ғана қолжетімді болды.
"Мен денсаулық сақтау министрлігіне жүгіндім, электронды хат жаздым және электронды төлқұжатымның экранын тіркедім. Екі аптадан кейін мен тағы да қоңырау шалдым, олар маған: "Сіз қоңырау шалдыңыз, енді күтіңізі", – деді. Менен басқада адамдарда проблемалар бар екенін түсінемін. Бірақ болашақта менің басыма да қиындық туса ше? Кенеттен олар маған жалған төлқұжатың бар деп айтса ше? Мен бұл іс насырға шаппай тұрғанда шешуім керек", – деп бөлісті әйел.
Бір күнде онымен вакцинацияланған мұғалімнің тағы бес әріптесі осындай қиындыққа тап болды.
"Мен наурыз айында вакцинацияландым, көп уақыт өтті, қате әлі түзетілмеді. Ashyq қосымшасындағы менің "жасыл" мәртебем, мен қала бойынша тыныш жүремін, бірақ төлқұжаттағы қателік маған тыныштық бермейді", – деп қорытындылады әйел.