Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық тұрғынның бұрынғы әйелін көлік капотында "қыдыртқаны" видеоға түсіп қалды

Елордалық тұрғын бұрынғы әйелін автокөлігінің капотында "қыдыртты", деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Отбасылық кикілжің түнде Гете көшесіндегі вокзал алаңында болған. Автокөлік ішіндегі әңгіменің соңы жанжалға ұласқан. Әйелдің айтуынша, ол көліктен шыққан, бірақ салонда құжаттарын ұмытып кеткен. Құжатты алуға тырысқанда күйеуі есікті ашпай көлікті айдап кеткен. Осы уақытта әйел автомобильдің капотына шығып кеткен. Осыған қарамастан, күйеуі жылдамдықты арттыра отырып, әрі қарай жүріп кеткен.

Көлік капотында кетіп бара жатқан әйелді көрген куәгерлер көлікті тоқтатпақшы боған. Бірақ ол жылдамдықты арттырып, жол бойындағы көліктерден озып кеткен. Нәтижесінде куәгерлер көліктің алдын жауып тастаған. Сондай - ақ, полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы түнгі тәртіп бұзушылықты байқап, оқиға орнына экипаж жіберді", - деп хабарлады полициядан.

"Оқиға орнына келген полицейлер жүргізуші мен әйелді полиция басқармасына жеткізді. Сот талқылауынан кейін бұрынғы ерлі-зайыптылар бір-біріне шағым жасаған жоқ. Әйел зардап шеккен жоқ.

 

Талқылау