Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық жігіт сауда орталығының екінші қабатынан субұрқаққа секіріп түскен (видео)

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ қызметкерлері Mega SilkWay сауда орталығында бәс үшін 2-қабаттан субұрқаққа секіріп кеткен 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Нәтижесінде жас жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

секіріп кеткен

"Достарымен бәс тіккен 19 жастағы елорда тұрғыны 1-қабатта орналасқан субұрқаққа секіріп кеткені анықталды. Орталыққа келушілер оның қауіпті әрекетіне куә болды. Жігітті полиция қызметкерлері ұстады. Сауда, ойын-сауық орталығының күзетшілері бұзақыны келіп жеткен полиция қызметкерлеріне тапсырды", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін жас жігіт Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы қамауға алынады. Сонымен қатар іс жүргізу барысында ұсталған азаматтың бұрын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Өткен жолы ол Алматы метросында ол музыканы қатты қойып, тұрғындардың мазасын алғаны үшін ұсталған.

 

Талқылау