Елордалық полицейлер үш күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірімді тапты
Елордада 18 қаңтар күні жоғалып кеткен бала табылды. Ол 18 қаңтарда үйден шығып, қайтып оралмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Нұр-Сұлтан» қаласының полиция департаментіне 2006 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Елордалық полиция кәмелетке толмағанның жасөспірімнің тұрған жерін анықтау бойынша шаралар қабылдады, іздестіру және тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері көшелерде, аулаларда, компьютерлік клубтарда және басқа да қоғамдық орындарда болды.
21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Абильдаев жоғалған жасөспірімді елордалық тамақтандыру орындарының бірінің асханасынан тауып алды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Анасының айтуынша, ұлы алғаш рет үйінен кетіп отырған жоқ, мектепте сабағын жиі өткізіп алады.
Мұндай фактілердің алдын алу мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері заңды өкілмен және жасөспіріммен профилактикалық сұхбат жүргізді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
