Елордалық еріктілер мен коммуналдық қызмет мамандары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күресте көмектесуде
Астана қаласындағы "Жастар рухы" және "Астана жастарының" 150-ге жуық еріктілері Жібек Жолы кентіндегі (Ақмола облысы) су тасқынына қарсы күресте көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жібек жолы ауылының маңында еріген су деңгейінің жоғарылауына байланысты бұл өңірде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Екі тәулік бойы елорда еріктілері қорғаныш жер білігін нығайтуға көмек көрсетіп келеді.
Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы су тасқынына қарсы күреске елорда әкімдігі қорғаныс құрылысын салу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін барлық қажетті техниканы, инертті материалдарды, құм салынған қапшықтарды әкелді.
Өткен айдан бастап елорданың коммуналдық қызметінің бір бөлігі Ақмола облысы Жібек жолы ауылына көмек көрсетуге бағытталған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”