"Науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр": Елордалық депутаттар перзентханадағы жағдайға наразылық білдірді
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, "Нұр Отан" фракциясының мүшелері перзентханаларда орын жетіспейтіндігіне алаңдаулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Елде денсаулық көрсеткіштері күрт нашарлады. Ана өлімі үштен бірге, жүрек ауруынан болатын өлім-жітім 40%-ға өсті. Бұған жабдықтың, әсіресе реанимация және жедел жәрдем бөлімшелерінің төмен деңгейі ықпал етеді.
Бүгін "Nur Otan" партиясы жанынан құрылған денсаулық сақтау жөніндегі қалалық кеңес мүшелері, саладағы түйіткілдерді талқылады. Басқосуда бас шаһардағы перзентханаларда болып жатқан орын тапшылығы да сөз болды. Тіпті кейбір науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр.
Кеңес мүшелері, короновирусқа қарсы күреспен шектелмей басқа да өзекті проблемаларды шешудің тиімді алгоритімін әзірлеуді ұсынды.
- "Жатырдан ұл болып шығып, қызға айналып кетті": Нұр-Сұлтандағы перзентханада түсініксіз жағдай болды
- Вакцинадан кейін аяқ-қолы құрысып қалған: Алматыдағы перзентхана қызметкерінің жағдайы белгілі болды
“Денсаулық сақтау басқармасының нақты жүйеленген әдісі жоқ. Сіздер айтып жатқан ескертпелерді Жол картасынан алып тастай салу мүмкін емес. Бұл карта қаншама зерттеуден өтіп, қабылданған. Сондықтан оны жүйелі орындау үшін мақсатты жоспарлар әзірлеу қажет”, – дейді "Nur Otan" партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.
Ал, мамандардың сөзінше, қазір перзентханада орын жоқ.
“Қазір перзентхана толып кеткен. Бірінші принаталдық орталықта қазір 70 әйел босануда, екінші орталықта 45-50 келіншек бар. Реанимацияның өзінде жатқан бала өте көп. Бір туу бөлмесінде екі келіншектен жатыр. Ал палаталарда жатқан әйелдер саны тіпті көп”, – дейді Нұр-Сұлтандағы №3 қалалық перинаталды орталықтың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
