Елордалық дәрігерлер өкпесі 100% қабынған науқасты аман алып қалды
Нұр-Сұлтандағы емханалардың бірінде өкпесі 100% қабынған науқас жазылып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Facebook-тегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" парақшасында хабарланды.
"Нұр-Сұлтанның 53 жастағы тұрғыны Александр Ильин 2 шілдеде ауыр жағдайда ауруханаға түсті. ПТР тесті (полимеразды тізбектік реакция) оң нәтиже берді: ер адамға коронавирус диагнозы қойылды",- деп жазған жазба авторы.
Оның сөзіне қарағанда, науқастың қосымша аурулары болған: аяқ саусағының ауруы және екінші дәрежелі семіздік. Олар науқастың жағдайын қиындатқан.
"Дәрігерлердің күш-жігерінің нәтижесінде А.Ильин коронавирустан сауығып, емханадан шығарылды. Дегенмен, ол толық қалпына келуі үшін одан әрі оңалту қажет.
Пациент дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне кәсібилігі мен күтімі үшін шын жүректен алғысын білдірді", - делінген жазбада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”