Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық азамат би билеуден бас тартқан бейтаныс әйелді ұрып, тісін сындырып тастады

Нұр-Сұлтанда алты жылдай бұрын ер адам би билеуден бас тартқаны үшін бейтаныс әйелді ұрып, алдыңғы тістерін сындырып тастаған. Осы уақыт ішінде азамат іздеуде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мән-жайды анықтау барысында ер адам елордалық кафелердің бірінде 40 жастағы әйелді ұрып, қашып кеткенін мойындады.

Ішімдік ішкен ер адам кафеде екі әйелге қырындап, онымен билеуге көндіре бастаған. Азамат би билеуден бас тартқан әйелге ренжіп, оның бетінен жұдырықпен ұрып, алдыңғы екі тісін сындырып тастады.

Жазалануым мүмкін деп қорыққан ол асығыс оқиға орнынан кетіп қалған. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 08 Сәуір, 2021 12:54
Талқылау