Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық әйел супермаркетте шу шығарып, келушілерді пышақпен қорқытты (видео)

Нұр-Сұлтандағы супермаркеттерінің бірінде бір әйелдің шу шығарып, келушілерді пышақпен қорқытаты видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дүкен

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан ашуланған әйелдің әр түрлі бағытта пышақ сермегененін байқауға болады. Бірнеше ер адам оны тыныштандыруға тырысады,  ал әйелдер сынған тауарға ақы төлеуге тура келетінін айтқан. Бірақ бұл оны одан сайын ашуландырады.

"Маған жақындамаңыздар", - деп айқайлайды әйел және сөреден тауарларды құлатады.

Өз сөзінде әйел әділетсіздік туралы, үйінде балалары күтіп отырғанын айтқан.

Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметінде түсініктеме берді.

"10 шілде күні сағат 18.00-де полицияға Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақ сілтеп, келушілер мен қызметкерлердің атына былапыт сөздер айтып, витринаны бұзып, азық-түліктерді шашып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген соң бұл факті расталды. Ұсталған кезде бұрын сотталған 1990 жылы туған әйел полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол полиция басқармасына жеткізілді, тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Талқылау