Елордадағы су тапшылығын жою үшін 300 миллиард теңге жұмсалмақ
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астанадағы су тапшылығын жоюдың үш жолын қарастыруда. Ол үшін 300 миллирд теңге жұмсалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атамекен Бизнес телеарнасына сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, су тапшылығын шешудің қазіргі уақытта үш нұсқасы қаралуда. Ең ықтималы – Қаныш Сәтбаев каналындағы суды ағызу көрінеді. Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров елордада сорғы станциялары бар, сондықтан жобаны алдағы 5 жылда іске асыруға болады деп отыр.
Сондай-ақ министрлікте Нұра бассейнінен де ауыз су тартуға болатынын айтуда. Алайда онда судың аздығына байланысты бұл тек резервтік нұсқа ретінде қаралып отыр.
Үшінші нұсқа, ол Бузулук су қоймасын салу. Ертіс өзені бойынан жоспарланған бассейннің қашықтығына байланысты жоба бюджетке жарты триллион теңге шығын әкелуі мүмкін.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”