Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордадағы әуежайға жаңа басшы келді

Ғабит Тәжімұратов Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың басқарма төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы әуежайға жаңа басшы келді

Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы 1972 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 1997 жылы Мәскеу мемлекеттік авиациялық техникалық университетін (Мәскеу, РФ) ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

2018 жылы «IBS Astana» және «EU» Халықаралық бизнес мектебін бітіріп, іскери әкімшілендіру магистрі атағын және Еуропалық университеттің дипломын алды.

2019 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежай басқармасы төрағасының инфрақұрылымды қолдау жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Үйленген, үш баласы бар.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Желтоқсан, 2019 16:15
Талқылау