Елордада жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысынан өрт шықты
Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан салынып жатқан мешіттен өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мешіттен түтін шығып жатыр. Қандай да бір сұйықтықты жағып жатыр ма, түсініксіз. Мүмкін өрт», - дейді өртті видеоға түсірген кездейсоқ куәгер.
Өз кезегінде қалалық Төтенше жағдай департаменті өрттің болғанын растады.
«Сағат 10:01-де Есіл ауданы, Мәңгілік ел 81 мекенжайында жаңадан салынып жатқан мешіттен бөлек тұрған көлемі 50 шаршы метр болатын қойма өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға 16 маман және 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлайды департамент.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы бас мешіттің құрылысы құлап қалғаны айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”