Елордада зейнеткер айына 20 мың теңгеге өмір сүріп жатыр
Астаналық зейнеткер айына 20 мың теңгеге өмір сүріп отыр. Оған мұндай зейнетақыны мемлекет беріп отыр екен. Әйелдің айтуынша, өмір бойы жұмыс істеген. Алайда оны растайтын еңбек кітапшасы өртеніп кетіпті, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Ғалия Сәдуақасова кішкентай ғана бір бөлмеде тұрады. Айына 25 мың теңге төлейді. Ал зейнетақысы болса, тамаққа да жетпейді екен. Сол үшін қарт кісі жұмыс істейтін көрінеді.
«Базарға барып екі мың теңгеге азық-түлік аламын. Одан кейін 20 мың теңге алған ақшамды пәтерге беремін. Оның 5000 теңгесін дәретхана жуып табамын. Сөйтіп пәтер иесіне 25 мың теңге беремін», – дейді Ғалия Сәдуақасова.
Әйелдің айтуынша, 17 жыл жұмыс істеген. Кентау қаласында сатушы болып жұмыс істеген. Бірақ тосаныншы жылдары қысылтаяң шақ оның да отбасына тиген. Күйеуі өртте көз жұмыпты. Ал 18 жастағы ұлы болса, өзіне қол жұмсаған. Ғалия Орманқызы одан кейін астанаға келіп бала күтуші болып жұмыс істепті. Алайда, қазір сол жылдар бойы істеген жұмысын растау қиын болып отыр екен.
Еш жерде растай алмаған соң да зейнеткерге мемлекет 12 мың теңге зейнетақы жазып берген. Ол бүгінгі күнге дейін 20 мыңға өсіпті. Алайда, Еңбек минстрінің ақпараты бойынша биылғы жылғы ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 мың теңге. Дегенмен қалалық әлеуметтік қамтамасыз орталығының бөлімі ешқандай құжатсыз зейнетақы өсіре алмайтндарын айтп отыр.
«Оның еңбек өтілі толық емес. Ал зейнетақы үшін кем дегенде 20 жыл еңбек өтілі болуы керек. Базада әйелдің үш жыл ғана жұмыс істегені тіркелген. Қазіргі уақытта ол еңбек өтілін түгел көрсетуі керек немесе сотқа жүгінгені дұрыс», – дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы «Байқоңыр» әлеуметтік қамтамасыз ету орталығының басшысы Аянгүл Шаймерденова.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
