Елордада велосипедпен тыр жалаңаш жүрген ер адам ұсталды
Елорда көшесінде үстінде киімі жоқ ер адам көшеде велосипед теуіп жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жағдай таңертең шамамен сағат 7:14-те болған. Оқиға орнына патрульдік полицейлер барды, велосипедші мас болған. Ер адам ұсталды. Киімнен аяқ киімі ғана болған.
"42 жастағы тәртіп бұзушының айтуынша, ол түнде құрбысымен бірге су жағасында ішімдік ішкен. Кейін ер адам салқындаймын деп өзенге түскен. Ал судан шыққанда киімі болмаған. Танысы оның заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сөйтіп өзі кездесуге келген көліктің артынан велосипед алып, үйіне бар жатқан. Ұсталған ер адам мас күйде болғандықтан көлікке отырмағанын айтты", – деді елордалық полиция департаментіндегілер.
Полиция қызметкерлері екі бап бойынша – қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және басқаларды сыйламай қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасағаны үшін айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды және айыппұл төлейтін болады.