Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада енесіне тиіскен ер азамат қамауға алынды

Нұр-Сұлтанда қайын енесімен үнемі жанжалдасып жүрген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кісен

Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам үнемі ішімдік ішіп, отбасылық жанжал шығарады. Ол негізінен өзімен бірге тұратын 65 жастағы туысымен керісіп қалады екен.

"102" арнасына қарт әйелден күйеу баласы отбасылық жанжал шығарып, өзін дауласуға итермелейтіні туралы бірнеше рет хабарламалар келіп түсті. Бір жыл ішінде учаскелік полиция инспекторы 41 жастағы ер адамға бірнеше рет қорғау нұсқамаларын шығару түрінде әкімшілік жазаға тартты. Сонымен қатар, сот ер адамға үш рет мінез-құлығына қатысты ерекше талап қойды", - делінген хабарламада.

Алайда бұл шаралар күйеу бала мен ене арасындағы қайшылықты сөндіре алмады. Полицияның мәліметінше, ер адам алкогольдік ішімдіктерді ішіп, әйелмен жанжалдасып, психологиялық жәбір көрсеткен.

"Кезекті жанжалдан кейін учаскелік полиция инспекторы бұзақыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы, 2-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау) бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам үш тәулікке қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынғандар үшін арнайы қабылдау орнына орналастырылды", - деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр