AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада түні бой көше кезіп жүрген балалар табылды

Елордада жоғалып кеткен 9 және 11 жастағы балалар аман-есен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балалар

Полиция департаментінің жеке құрамы түгел балаларды іздеуге жұмылдырылып, олардың баруы мүмкін барлық жер тексерілді. Елорда сақшылары қаланы жаяу шолып жүріп, балаларды 27 шілде күні тапты.

Түнгі сағат 02:00-дер шамасында Нұр-Сұлтандағы Тархан көшесінде полиция қызметкері Нұржанғани Бүркіт із-түзсіз жоғалды деп жарияланған екі баланы байқап қалған. Тәртіп сақшылары балаларды "Байқоңыр" ауданының полиция басқармасына жеткізді.

“Белгілі болғанындай, балалар күндіз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алдымен анасы балаларды өзі іздеп таппақ болған. Алайда өзінің әрекетінен нәтиже шықпаған соң, ол келесі күні полицияға шағымданған. Бұл әйел балаларды түнде үлкендердің қарауынсыз жібергені үшін осыған дейін де бірнеше мәрте әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған қарай қазір бұл отбасы бақылауға алынды. Ал балалар аман-есен үйлеріне қайтты. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және білім беру бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі оқушы үш күннен бері табылмай жатқаны айтылған еді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр