AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада түнгі клубқа барған 13 жасар қызға іздеу жарияланған

Нұр-Сұлтан қаласында 13 жасар қызды ата-анасы іздеп, кейін оның достарымен түнгі клубқа барғаны анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап.

Қыздың ата-анасы кеш түскенде полиция бөлмішесіне хабарласып, жасөспірімнің жоғалғанын хабарлаған. Қызметкерлер13 жасар қызды іздестіруге жұмылдырылды. Нәтижесінде ертеңіне қыздың әжесінің үйіне барғаны анықталды. Сарыарқа ауданының ювеналды полиция қызметкерлерінің мәліметінше жасөспірім түнгі 22:00 мен 02:00 аралығында достарымен бірге Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы түнгі клубтардың бірінде болған. 

Бақылаудың болмауына және кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ересек адамсыз ойын-сауық мекемесіне бару  болжамына байланысты ата-анасы ҚР ҚК 442-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салу арқылы жауапкершілікке тартылды. Осындай фактілердің алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Ал қыз барған клуб иесіне қатысты ҚІЖК-нің 132-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастыратын әкімшілік іс қозғалды.

Осыған ұқсас демалыс күндері полиция қызметкерлері ата-ана қарауынсыз түнгі уақытта жүрген 18 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр