Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада Сейфуллин, Жансүгіров, Майлинге арнап жаңа ескеркіш орнатылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған ескерткіш және "Жазушылар үйі" ғимараты ашылды, деп абарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ескерткіш

"Бұл тарихи оқиға. Бірінші президент-елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ел тарихын құрметтейді, қолдайды және жас ұрпақ тарихымызды білуі тиіс екендігін көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тапсырмасын орындау мақсатында көрнекті жазушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына орай жазушылар аллеясында "Үш арыс"ескерткіші ашылды. Олар біздің халқымыз, ұлы қазақ даласы туралы жазды. Егер олар болмаса, сол кезеңдегі халық тарихын білер ма едік? Біз олардың мұрасын ұлықтап, келсі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Келесі жылы біз Абайдың 175 жылдығын атап өтеміз. Жазда Абай көшесінде жазушылардың аллеясы ашылды. Аллея аумағын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай - ақ, Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың құрметіне көшелер берілді", - деді Алтай Көлгінов.

Әкімдік ақпараты бойынша, жазушылардың туыстары мен жақындары ескерткіштің ашылуының маңыздылығын атап өтті. "Бұл біздің ата-бабаларымызға деген құрмет қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіне, еліміздің барлық жазушыларына деген құрмет", - деп атап өтті олар.

ескеркіш

Қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу кезінде шығармашылық зиялы қауым өкілдері барлық жазушыларды бір жерде біріктіруді сұрады.

"Жазушылар үйінің" жаңа ғимаратында белгілі ақындар мен ойшылдардың жинақтары жинақталған өз кітапханасы бар. Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов ғимарат елорданың барлық жазушыларын бір жерде біріктіріп, шығармашылық орынға айналғанын атап өтті.

 "Жазудан басқа, шет тілінен қазақ тіліне сапалы аударма жасайтын боламыз", - деді Ұлықбек Есдәулетов.

Талқылау