Елордада күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел көз жұмды
Нұр-Сұлтан қаласында күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйел көз жұмды. Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Институттағылардың мәліметінше, денесін күйік шалған әйел 10 қарашада түнгі сағат 1:35-те көз жұмған.
Еске сала кетсек, қазан айының басында елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынша үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді.
Нұр-Сұлтан қалалық полициясы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында отыр.
Тағы оқыңыз: "Анам денесін өртеп жіберуді сұрады": Елордада әйелін атып өлтірген аңшының ұлы мән-жайды айтты
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін