AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада күйеу жігіттің ата-анасы сот арқылы қалың малды қайтарып алмақ болды

Елордалық сот ерекше сот ісін қарады. Күйеу жігіттің ата-анасы бұрынғы құдаларынан қалың мал мен сыйлықтарды қайтаруды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Ерлі-зайыптылар 2021 жылдың сәуір айында ажырасқан. Осыдан кейін күйеу жігіттің ата-анасы бұрынғы құдаларын сотқа беріп, қалың малды, атап айтқанда "Сырға салу" салтанатында сыйға тартылған тон, зергерлік бұйымдар мен костюмдерді қайтаруды талап еткен.

"Талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Сот қалың мал ретіндегі ақшаны және қалыңдыққа берілген заттарды сыйға тартқан деп қорытындылады және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деп шешті. Оның үстіне, бұл заттарды жауапкер ғана емес, арызданушылар да алған”, – деді соттың баспасөз қызметінде.
Ер адамның ата-анасы шешіммен келіспеді және апелляция берді. Алайда апелляция олардың талаптарын қанағаттандырмады. Заңда сыйлықтарды қайтару рәсімі қарастырылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Маңғыстау тұрғыны жұбайынан ажырасқаннан кейін 800 мың теңге көлемінде қалың мал, гауһар тастары бар алтын әшекейлер мен кілемдерді қайтаруға тырысқан болатын. Ер адам сотқа жүгінді, бірақ берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмегенін атап өтіп, талап қанағаттандырылмады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр