AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс әрі пайдалы іс: "Қазақтелеком" өз қызметкерлерінің балаларына арнап IT-лагерь құрды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 69 оқушы демалыс лагерінің алғашқы маусымында ақпараттық технологиялардың негіздерін меңгермек. Бір апта уақыт ішінде 12-15 жас аралығындағы балалар Python-да негізгі бағдарламалау дағдыларын үйреніп, веб-дизайнды игереді және қарапайым механизмдердің прототиптерін жасай отырып, олардың құрылымымен танысады. Жалпы биыл жаз маусымында IT-лагерде 600 бала демалып, білім алады. Ал оқыту мен жеткіншектердің шығындарына кеткен барлық қаражатты “Қазақтелеком” компаниясы төлейді. 

«Қазақтелеком» биылғы жылды қызметкерлер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау жылы деп жариялады. Маусымдық IT-лагерь бастамасы – осы шаралардың бірі және компанияның болашақ кадрларды дайындау бағытында қабылдаған кешенді жоспарындағы маңызды тармақ. Бүгінгі таңда цифрлық дағдылар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды, осыны ескерген компания өз қызметкерлерінің балалары қажетті дағдыларды ерте жастан меңгеруін қолға алды.

«Бүгінгі күнімізді күнделікті жасай жүріп, біз еріксіз түрде балаларымыздың ертеңгі күнін, келешегін қалыптастырамыз. Біз үшін, яғни «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлері үшін бұл келешектің жарқын және бақытты болғаны маңызды дейді  «Қазақтелеком» АҚ Персонал жөніндегі Бас директоры Берік Битабаров. –  Сондықтан біздің компания IT Summer Camp жобасын жүзеге асыра отырып, балаларға цифрлық дағдылар жиынтығын беріп қана қоймай, оларға өмірде дұрыс жолды таңдауға көмектесуді көздейді. Осы жерден алған білімімен өскелең жастар өзін-өзі дамытуға, өсуге және өз өмір жолын табуға ұмтылады. «Қазақтелеком» АҚ - заманауи телекоммуникациялық компания болғандықтан, біз балаларды бірінші кезекте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалауға үйретеміз. Оларға болашақтың супертехнологиялық әлемінде өз жолын табуға көмектесетін білім береміз».

Тамерлан Жанақ елордадағы лагерьге Павлодар қаласынан келді. 15 жастағы жасөспірім үшін бұл белгілі бір білімнің багажын толтыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандықты өз бетінше анықтау тәсілі.

«Мен компьютер тілін әжептеуір жақсы түсінемін. Мұнда бұл кәсіп менің жанымның қалауы ма, келешегімді осы саламен байланыстарғаным жөн бе деген сауалдарға жауап алу үшін келдім. Лагерьде  уақыт көз ілеспес жылдамдықпен зулайды. Өйткені бағдарлама кестесі өте тығыз және пайдалы, біз үнемі жаңа нәрсені үйренумен айналысамыз, сөйлесеміз, уақытты қызықты өткіземіз. Сондықтан үйді сағынуға уақыт жоқ», - дейді оқушы Тамерлан Жанақ.

IT-лагерь Astana IT University базасында орналасқан. Осының арқасында балалар оқу орнындағы барлық инфрақұрылымды, атап айтқанда оқу сыныптарынан бастап, спорт залы немесе асхананы пайдалана алады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары жақын орналасқан университет жатақханаларында тұрады және тәулік бойы тәлімгерлердің бақылауында болады.

"Әр бөлмеде 2-3 адамнан тұрады, жатақхананың әр қабатында өз асханасы бар, онда балалар кешке шай іше алады немесе қалауы бойынша жеңіл кешкі ас қабылдай алады. Жалпы алғанда, күнделікті ас мәзірі бес рет тамақтануды, оның ішінде ыстық тағамдарды да, кешкі ас пен түстен кейінгі жеңіл тіскебасарларды да қамтиды. Кешкі уақытта балалардың бойында ұжымдық рухты қалыптастыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады", - дейді «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік университетінің оқыту және дамыту жөніндегі кіші серіктесі Айжан Атшабарова.

Жас айырмашылығына қарамастан, балалардың ІТ саласындағы білім деңгейі бірдей, деп атап өтті Astana IT University құзыреттілік және жетілдіру орталығының директоры Сапар Тоқсанов. Университеттегі әріптестерімен бірге Сапар лагерьде кейбір пәндерді оқытуға атсалысып жүр.

«IT саласында білім беру - бұл біз үшін негізгі мақсат емес, ең бастысы балалар өзін-өзі көрсетуі үшін шығармашылық кеңістікті сақтау.  Сондықтан, оқу бағдарламаларын құру кезінде біз мектеп форматынан барынша алыстауды және оқуды көңіл көтерумен үйлесімді үйлестіруге тырыстық. Қазір бізде екі кәсіби сабақ бар, олардың арасында міндетті түрде спорттық жаттығулар немесе soft skills сабақтары бар. Тәрбиеленушілердің ақпаратты оңай қабылдауы үшін біз сабақты ойын түрінде ұсынуға тырысамыз және теорияны дереу практикамен нығайтып отырамыз. Балалардың сабаққа қандай ынтамен келетінін көргенде, алған бағытымыздың дұрыс екендігін түсінеміз», - деп атап өтті Сапар Тоқсанов.

Қазіргі таңда демалыс орны оқушыларды төрт пән бойынша оқытуда: робототехника, Python, web-бағдарламалау және soft skills. Оқытушылардың айтуынша, бұл ақпараттық технологиялар саласындағы ең танымал бағыттар. Нәтижесінде балалар негізгі бір беттік сайттарды өз бетінше жасай алады, құрылғылардың прототиптерін жинап, сайттарда ақпараттық блоктар жасауды үйреніп шығады.

Оқыту әдістемесі ІТ саласында қандай да бір арнайы білімі жоқ балалар үшін де түсінікті, тартымды, қызықты  етіп құрастырылған.

«Мен негізінен компьютерді ойын үшін ғана қолдандым. Мұнда келіп түрлі бағдарламаларды өзіміз жасай алатындығымызды білдім. Бір қызығы, сабақты жалғастыра бергім келеді, бірақ тез бітіп қала береді, бар болғаны 1,5 сағат, бұл салаға қызығушылығым арта түсті – дейді 6-сынып оқушысы Ерназар Бикет. - Осы бірнеше күн ішінде робототехника бойынша Морзе кілтін жинап үлгердік, әр сабақ – бізде жаңа жоба. Мен компьютер жинауды үйренуді армандаймын».

Жаздың соңғы күніне дейін ІТ-лагерь оқушылардың тағы үш легін қабылдайды. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін жақын арада осындай лагерь Алматы қаласында ашылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр