Елордада қатты жел салдарынан кран құлап кетті
Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты", - делінген комитет таратқан хабарламада.
Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”