Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада кафелер, балабақшалар мен мешіттер жұмысын бастады

18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда бірқатар ұйымдар мен мекемелер жұмысын қайта бастады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кафе

Бірінші кезең шеңберінде қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелердің, мейрамханалардың) жазғы орындарын қоса есептегенде, 50 адамға дейін қызмет көрсетуіне рұқсат етілген.

Сондай-ақ, 18 мамырдан бастап қалада кезекші топ режимінде (әр топта 15 балаға дейін) балабақшалар мен жеке сабақтарға арналған түзету кабинеттері жұмыс істеді.

Азық-түлік емес базарлардың, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері де жұмыс істей бастады.

Сонымен қатар, дүйсенбіден бастап астаналықтар елордалық храмдарға бара алады. Мешіттер күндізгі сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Келушілерді 10 адамнан тұратын топтарға бөліп кіргізеді, некелесушілер төрт адам болып кіреді.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шараларды сақтамаған жағдайда жұмысқа рұқсат алған барлық мекемелер қайтадан жабылады. Олардың қызметіне мониторинг күн сайын жүргізіледі.

18 мамыр күнгі жағдай бойынша елордада 1251 адамнан коронавирус табылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр