Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада базар өртенді

Нұр-Сұлтан қаласында базардан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2 сәуір күні сағат 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы 69 мекенжайында орналасқан Шапағат базарында өрт шықты. Өрт сөндірушілердің келуі бойынша алдын ала болжам бойынша  50 шаршы метр аумақта керамогранит астындағы жылытқыш пен жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде өрт орын алған жоқ", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

ТЖД-нің хабарлауынша, тілсіз жаудан зардап шегушілер және адам шығыны жоқ. 

"Өрт орнында жедел штаб құрылды. Тілсіз жаумен күресу үшін қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 8 бірлік техникасы мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылды. Өрт сағат 23:05-де ауыздықталды", - делінген хабарламада. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр