Соңғы жаңалықтар

Елордада балаларын өрттен құтқармақшы болған ана қаза тапты

Елорданың халық тығыз орналасқан ауданында көбқабатты пәтер отқа оранып, бір адам қаза тапты. Қызыл жалыннан подъезден 20 азамат эвакуацияланған. Олардың көбі - бала. Ал ыстан уланған 12 адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына келген өрт сөндіру көлігі, тазартылмаған қардан аулаға кіре алмай уақыт жоғалтыпты. Тұрғындар, осы олқылықтар болмағанда адам көз жұмбас еді дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Сурет: ktk.kz сайтынан

18 пәтерден тұратын подъез өртке оранып кетіпті. Қазір мұндағы тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Алапат өрт басталған пәтерге кәру мүмкін емес көрінеді. Себебі, полиция қызметкерлері есікті мөрлеп қойған. Қазір подъезді қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

45 шаршы метрлік пәтердегі өрт кеше түскі 2-лер шамасында тұтанған. Бірден күш алған тілсіз жау, әп-сәтте бүкіл подъезге тарапты. Ал, оқиға орнына 7 минутта келген өрт сөндіру көлігі тазаланбаған қардың кесірінен аулаға жақындай алмаған. Құтқарушылар құрылғыларын қолдарына алып, жалын шарпыған нысанға жаяу жүгірген көрінеді.

"Өрт сөндірушілер үйдің ауласына кіре алмады. Мына жақа, жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болды. Себебі, ауладағы үйілген қар уақытылы тазаланбайды. Ауыр техниканың өзі жиналған ақ ұлпадан ішке өте алмай тұрып қалды. Құтқарушылар қолдарындағы құралдарымен жаяу жүгіруге тура келді. Осы тау болып үйілген қар болмағанда, адам көз жұмбас еді?", - деді оқиға куәгері Виктория Пак. 

Өрт кезінде 33 жастағы әйел қаза тапты. Ол далада мамандарды күтпей, пәтерде қалған 3 баласын құтқармаққа ұмтылыпты. Бірақ, төртінші қабаттағы үйіне жеткенімен, ысқа уланып мерт болған. Ал, тұрғындар өрттен кейін, ауланы қардан тазарту жұмыстары қызу жүріп жатқанын айтады. Тіпті, түнімен арнайы көліктер ақ ұлпаны тасып әбігерге түскен.

"Бұл жерді түнде қардан жанталасып тазалады. Бұған дейін, аулада жүру мүмкін емес еді. Өрттен кейін, КСК-да жұмысшылар да табыла қалды. Әкімдіктен арнайы техника да келе салды. Қайғылы жағдай болмай тұрып бәрі қайда болды? Өрт сөндіру көлігі қардан өте алмай уақыт жоғалтпағанда, қаза болған әйелді аман алып қалуға болушы еді", - дейді тағы бір оқиға куәгері Нина Степанова. 

"Қатты дыбысты естідім. Бір кезде жарылыс болды. Түтіннің қою болғаны соншалық, айнала көрінбей кетті. Балконның өзінде демалу мүмкін емес еді. Өрт кезінде, құтқарушылар келіп тірі жан бар ма деп сұрады. Сол кезде мен "құтқарыңдар" деп айқай салдым. Қызыл жалынға қарамастан, өрт сөндіруші мені аман алып қалды", - деді өрттен зардап шеккен Анастасия Мурашко.

Қазір, өрттен зардап шеккен 12 адам ауруханаға жатқызылған. Оның 6-ауы бала. Бір науқастың жағдайы ауыр дейді ақ халаттылар. Беті бері қарау үшін, тиісті ем-дом жұмыстары жүргізіліп жатыр екен

"Кешегі өрттен клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен 6 адам әкелінді. 4 зардап шеккен азамат күйік бөліміне, бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал, бір адам амбулаториялық еммен үйіне жіберілді. Қазір үш науқастың жағдайы орташа, ал, біреуі ауыр халде жатыр", - дейді №1 қалалық ауруханасының комбустиология бөлімінің меңгерушісі Павел Кутняков.

Лезде күш алып, 6 қабатты үйге тараған өртті сөндіруге 9 техника мен 31 құтқарушы тартылған. Ал, төтеншеліктер қызыл жалынның тұтану себебін анықтап жатыр. Болжам бойынша, өрт пәтерге газдың көп жиналуынан басталған.

"Біз келіп жеткен кезде, біздің көргеніміз, жалын сол уақытта коридорды алған. Сол квартирада өрт болып жатқан. Бұл жерде біз екі себеп қойып отырмыз. Оның бірінші себебі газдың көп жиналуынан, хлопок взрыв жарылыс болған деп ойлаймыз. Газдың краны ашық қалған ба сонда? Оның себептері қазір анықталып жатыр. Біздің құтқарушылар бұл үйден 20 адам құтқарылды. Оның 9-ы бала" - деп мәлімдеді қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Аманбаев. 

Ал, ауладағы қарды дер кезінде тазаламаған пәтер иелері кооперативінің өкілдері бұл жөнінде қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Айтуларынша, үйдің маңын ақ ұлпадан аршу жұмыстары қызу жүріп жатқан көрінеді. Оқиғаның жай-жапсарын енді, құзырлы орган анықтайтын болады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр