Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлімге апаратын ойын деп күдіктенді: Елордада 14 жастағы жасөспірім 20-қабаттан құлап өлді

Нұр-Сұлтанда 14 жастағы жасөспірім 20-қабаттағы балконнан құлады. Қайғылы оқиға болған кезде оның анасы үйде болған. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Психолог: Күйзелісте жүрген адам уақытында емделмесе, соңында өзіне қол жұмсайды

Журналист Михаил Козачков бұл туралы өзінің Telegram арнасында хабарлады. Сондай-ақ ол қайғылы оқиға болған жерден "Астана Триумфы" тұрғын үй кешенінде болған деген болжаммен видео жүктеді.

"Елордада "Көк кит" сияқты жасөспірімдерге арналған жаңа ойынның пайда болуы туралы жағымсыз қауесеттер тарады. Сіз деңгейді көтеру үшін бірнеше тапсырмаларды орындауыңыз керек, бірақ ойыншы өзіне-өзі қол жұмсауға бұйрық алуы мүмкін деген тағы бір нұсқа бар", – деді ол.

29 мамырда Есіл аудандық кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылы бойында 20-қабаттың балконынан кәмелетке толмаған бала құлады деген ақпарат түсті.

"Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Анықталғандай, қайғылы оқиға болған кезде 14 жасар баланың анасы үйде болған. Баланың сайттарға өзі кіруі және суицидтік сипаттағы ойындар анықталған жоқ. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Полиция ата-аналардан балаларын қадағалап, олардың мінез-құлқына назар аударуды сұрады.

Талқылау