Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада 11 жастағы оқушы жұқа мұзды басып, суға құлаған: Баланы құтқарған әйелге сағат сыйға тартылды

Астанада 11 жастағы ер бала мысықтың жанына барамын деп, суға құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме беріп.

құтқарған әйел

Қала тұрғыны Елена Шелестюк таңғы уақытта "Алатау" спорт кешені ауданында серуендеп жүрген. Бір кезде ол өзеннен ашық қызыл түсті бас киімді байқады. Мұқият қарап, ол баланың суда батып жатқанын байқады. Әйел суға қарай жүгірді.

“Өкінішке қарай, мен жүзе алмаймын, бірақ баланы “қазір шығарып аламыз,қорықпа” деп жігерлендірдім. Баланы мұзды судан шығару үшін көліктерді тоқтатуға жолға жүгірдім. Содан  жүргізушілермен бірге баланы өзеннен шығарып алдық. Оңай болған жоқ, баланың киімі су болды, ауыр сөмкесі оны төмен қарай тартты. Бала қорқып қалған", –  деді тұрғын.

Содан кейін бала дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты.

Кәмелетке толмаған бала жаттығудан кейін Ақбұлақ өзенінің бойымен үйіне барғаны анықталды. Жолда мұзда отырған мысықты байқаған. Бала оған қарай төмен түсіп, жұқа мұзды басып кетті. Мұз бірден жарылып, бала суда қалды.

Баланың анасы мен полиция қызметкерлері баланың өмірін сақтап қалғаны үшін батыл әйелге  алғыс білдірді. Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаевтың атынан ержүрек қала тұрғынын "Алматы" ауданы ПБ бастығы Серік Әбутәліпов қол сағатпен марапаттады.

Астана қаласының полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді және ата-аналарға балалармен қыс мезгілінде судың жанында болу қаупі туралы түсіндіру керек екенін өтінеді.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр