Елордада дәмханадағы кәуапқа арналған етті ұрлаған азамат жеті жылға сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтанда кәуапқа арналған етті ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам донер жасайтын кафенің есігін бұзып, маринадталған еттің қорабын ұрлаған. Ол өзіне назар аудартпау үшін олжасын жақын жердегі басқа кафеге қалдырып кеткен. Кейін қайтып оралып, ұрланған заттарды базарға сатпақ болған.
Қазір ұры ұсталды. Келтірілген шығын 45 мың теңгеге бағаланды.
Ер адам бұған дейін де ұқсас қылмыс жасаған. Ол кезде елорда тұрғыны көлікті ұрлағаны үшін сотталған. Бұл жолы ер адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Аталған факті бойынша ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”