Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда тұрғыны автобуста тұрып қабырғасын сындырған

Нұр-Сұлтандағы автобустардың бірінде оқыс оқиға орын алды. Ығы-жығы толған қоғамдық көлікте елорда тұрғыны қабырғасын сындырыпты. Сөзінше, бұл жағдай адамдардың бірін-бірі итере бастауынан болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

әйел

Әлия Исабекова есімді Нұр-Сұлтан тұрғыны күн сайын жұмысына дейін 102 нөмірлі автобуспен қатынайды екен. Ал қарбалас уақыттарында автобусқа кіретін адамдардың санын тіпті айту мүмкін емес дейді ол. Осындай жайттардың арты жарақат алуға бір-ақ соғатын кім білген деп қосты елордалық тұрғын. 

"Керуен ситиге жете бергенде Тұран аялдамасында автобустағы адамның саны күрт артып кетті. Есікке қарай бет алғанымда мені біреулер қатты итере бастады. Осы сәтте бір денемнен қыр еткен дауыс естідім. Жеңіл жарақат шығар деп ойладым", - дейді зардап шеккен әйел Әлия Исабекова. 

Қазіргі таңда дәрігерлер Әлияға арнайы фиксатор кигізіпті. Айтуларынша, оның алдағы уақытта жазылып шығуы үшін біраз уақыт кетеді. Емделген соң келтірілген зиянды өндіріп аламын деген әйелдің сөзімен автобус паркінің басшылығы келіспейтін секілді. 

"Мұндай жағдайда 103, 103 нөмірлеріне телефон соғып, сол мезетте оқиғанын мән-жайын шешіп алу керек. Егер жолаушы ол кезде шағымданбаса, бірнәрсені дәлелдеу қиынға соғады. Біз қайдан білеміз, мүмкін, ол жарақатты қоғамдық көліктен шыққанан кейін алған шығар?" - деді Нұр-Сұлтандағы автобус паркінің қозғалыс қауіпсіздігінің инженері Есенбек Мұсабеков. 

Десек те заңгерлер жолаушының айтқанын дәлелдеу қиын емес деп отыр. Егер транспорттық ұйым шығынды өтеуден бас тартып отырса, бірден полицияға арыз түсіру керек екен.

"Автопарктің басшысына шағымданып бару керек. Өз арызында азаматша зардап шығынын өтелуі керектігін көрсеткені шарт. Егер автобус паркінің өкілдері келіспесе, сот арқылы шешуге тура келеді", - деді заңгер Аржан Садуақасов. 

Жапа шеккен әйел алған бетімнен қайтпаймын деп отыр. Әлияның бұл бастамасын оның достары мен жақындары қолдайтынын жеткізіпті.  



 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда қайырымдылық жасамақшы болған кәсіпкер бес күнге қамалды

Тегін азық-түлік алуға келген жұрт жаға-жыртысып, шу шуғарған

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

СҚО-да ауру жұқтырған 18 адам тіркелген

Атырауда облыстық аурухананың 200 қызметкері 14 күнге карантинге жабылды

Ауруханада коронавирус жұқтырған науқас анықталыпты

Қостанайда маска киюді талап еткен жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды

Іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды

Қостанай облысына коронавирус қалай келді?

Қостанайда алғаш рет короавирус анықталып отыр

Қазақстанда коронавирусқа тағы 4 адам шалдықты

Науқастардың саны 464-ке жетті

Түркістан облысында бір жастағы сәби мен оның анасы коронавирус жұқтырған

Соңғы тіркелгендер - коронавирусты жұқтырғандармен байланыста болғандар

"Бұл елде панасыздардың өзіне өлмейтіндей жағдай жасалған": Журналист Назира Байырбек АҚШ-та өзін таңғалдырған дүниелер туралы

Оқуға түсіп, отбасымен АҚШ-қа аттанған журналист алғашқы әсерлерімен бөлісті

Қостанайда автобус жолаушысы маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып-соқты

Полицейлер 31 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады

Біртанов: Егер коронавирус күзде қайталанса, біз оған дайын болуымыз керек

Басқа елдерде індет аяқталғанымен күн сайын жаңа науқастар пайда болуда
Çàãðóçêà...