Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда тұрғындары мешіт маңында дәрет сындыратын автобус жүргізушілеріне шағымданды

Елорда тұрғындары Астана әкімдігінің Telegram желісіндегі  ресми тобында әуежай аумағындағы мешіт маңына дәрет сындыратын автобус жүргізушілеріне шағымданды. Сондай-ақ, жүргізушілер дәретханаға барып үлгеруі үшін, автобустың тоқтап тұру уақытын ұзартуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Sputnik Қазақстан хабарлауынша, «Астана LRT» компаниясының өкілі Науат Азанбаева бұл мәселенің шешіліп жатқанын айтқан.

Азанбаеваның сөзінше, әуежайдағы аталған аялдамада дәретхана бар, тек жүргізушілер автобустың жүру кестесі үшін онда барып үлгермейді екен. Оған қоса автобусқа тез жиналып қалатын адамдар оның жылдам жөнелтілуін талап ететін көрінеді.

Сондай-ақ, «Астана LRT» өкілі аталған бағыттағы автобус жүргізушілеріне кері бағыттағы соңғы аялдамада демалуға уақыт берілетінін айтты. Олаға автобустың қозғалу кестесіне байланысты 15-30 минут уақыт беріледі екен.

Оқи отырыңыз:

Ұялы телефонның қоңырауына Құранды қою қаншалықты дұрыс?

Оған сенеміз: Ақтөбелік Билл Гейтске алданып қалған салымшылар оны босатуын сұрап отыр

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өздерін «сатқын» деп атағандарға жауап берді

Бас прокуратура Алматы қаласы прокурорының қызметінен босатылуы жөнінде пікір білдірді

Талқылау