Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда атауын өзгерту: Астана тұрғындарына қандай құжаттарды ауыстыруға тура келеді

Қала атауы өзгерсе, бүкіл құжаттарды өзгертіп, келісімдерді қайта жасасуға тура келеді. Егер қайта ресімдеуге себеп болған мемлекет бастамасы болса, азаматтарға ешқандай шығын келмейді.

1085880

Фото: © Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Елорда атауын өзгерту ұсынысы туындағаннан кейін көкейімізде мынадай сұрақ туындайды: бұл жағдай қарапайым тұрғындарға қалай әсер етеді. Азаматтар үшін құжаттарды ауыстыру үдерісі қалай жүретінін ХҚКО бірыңғай конакт-центрінен сұрастырып білдік.

“Иә, қала атауы өзгерсе, бүкіл құжаттар ауысады, бұған 15 жұмыс күні кетеді. Егер жеке себебіңізге байланысты емес, мемлекет бастамасына сәйкес құжат ауыстыруға мәжбүр болсаңыз, құжатты айырбастауға кеткен бүкіл шығынды мемлекет көтереді. Ал, жаңа құжаттар алған соң, бүкіл келісімшарттарды қайта ресімдеуге тура келеді, мәселен ТКШ келісімшарты және т.б.”, — деді ХҚКО бірыңғай контакт-центрінің қызметкері.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын президент есімімен байланыстырып өзгерту ұсынысын талқылаған болатын. Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысында босанушы әйел дәрігерлердің кінәсінен қан жоғалтып көз жұмды

Салмағы 350 келі тартатын қостанайлық әйел ауруханада көз жұмды

Ақмола облысында ер адам туған ағасын балталап өлтіріп, әкесіне оқ атты

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Алматы тұрғыны жалғыз баласын қағып өлтірген жүргізушіні жауапқа тартқыза алмай жүр

Талқылау