Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылдың басынан бері 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қазақстанға жыл басынан бері 2407 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Олардың көбі Өзбекстан мен Қытайдан көшіп келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.

Талқылау