AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елімізге қайтуға көмектесіңіздер": Қазақстандық жүргізушілер Украинадан шыға алмай қалған

Қазақстандық көлік жүргізушілері Украинадан шыға алмай отыр. Астана телеарнасының хабарлауынша, олардың саны шамамен 50-ге жуық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оралдық Нұрым Садықов Украинаға 23-ақпанда жеткен. Сол күні зауыттан ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, Қазақстанға кері қайтуы керек болған. Бірақ кенеттен соғыс басталып кетті дейді. Оның сөзіне сенсек, бүгінде зауыттың жұмысы тоқтап тұр, өйткені жұмысшылары түгел майданға жұмылдырылған. Ал шекарадан өздігінен шықпақ болған ақтөбелік жүк көлігін белгісіз біреулер тонап, жүргізушілерінің құжатын ұрлап алыпты. Осыдан кейін алысқа ұзай алмай, кәсіпорынның ауласын паналап отырмыз дейді оралдық азамат.

“Біз сіздерден көмек сұраймыз. Украинадан шығаруға, елімізге қайтуға. Көмектесіңдер біздерге. Енді жан-жақтың бәрінің көпірлерін жарып жіберген дейді. Жалғыз біз емес, тағы да өзбектер, қырғыздар да бар осы жақта жатқан. Біздің Қазақстаннан 50-дің үстінде машина жатыр осы Украинада. Мына зауыттың ішінде тұрмыз. Украиндар малодец, кеше тамағымыз бітіп, солар үйіне шақырып тамақтарын берді. Бір-екі күн подвалға барып қонып келдік”, – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Нұрым Садықов.

Амалы таусылған жүргізушілер Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне де хабарласыпты. Министрлік өкілдері Львов қаласына жетуін сұраған. Бірақ жүргізушілер көлік пен тиелген тауарды иесіз тастап кете алмайтынын айтады. Ал таксистер шекараға дейін жеткізуге 2000 АҚШ долларын сұраған. “Ондай ақшамыз жоқ” дейді көлік жүргізушісі.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр