Еліміздің солтүстігінде Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталды
Солтүстік Қазақсан облысы аумағында тұратын Ресей азаматтарының есепшоттары бұғатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Есепшоттар қылмыстық іс аясында бұғатталған екен.
"Петропавл қаласы бойынша полиция лепартаменті 7 наурызда бұғаттады. Ұзаққа па? Ешкім білмейді. Құзырлы органдар жария ете алмайтын қылмыстық іс. Тергеу жүріп жатыр. Департаментке хабарласа алғандар мұндай мәселе 2 мыңға жуық адамда бар екені туралы жауап алған. Сондықтан сізге қатысты із қозғалды деп қорқудың керегі жоқ. Бәріміз куәгер ретінде өтіп жатқан секілді", – делінген Ресейден мобилизация кезінде көшіп келгендер отыратын чаттағы хабарламада.
Жазба жарияланғанда чатта 200-ге жуық адам болған. Есепшоты бұғатталғандар арасында қазақстандықтар бар екен. Желі қолданушылары қылмыстық іс дроперлер және криптовалютамен заңсыз операция орындағандарға байланысты болуы мүмкін екенін айтады.
СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі қылмыстық іс туралы деректі растады.
"Қазір қылмыстық іс аясында банктегі карта шоттарына қатысты шектеу шаралары қабылданған", – деп жауап берген құзырлы орган.
Сондай-ақ прокуратура өкілдері шектеу тексеріс қорытындысы бойынша алынатынын мәлімдеген.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
