Еліміздің солтүстігінде күн жылынып, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады – Синоптиктер
Қазақстан бойынша 2022 жылдың 9-11 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер солтүстікте күн жылынатынын болжайды.
“Солтүстік-батыс циклонымен, республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға жақын елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Солтүстік өңірлердегі күндізгі ауа температураның 20-28 жылуға дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді”, – делінген ауа райы болжамында.
Талқылау
Пікір