Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының орталығында синоптиктер шаңды дауыл соғады деп болжап отыр.

Солтүстікте, оңтүстікте, Қарағанды ​​облысының орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды.

Түркістан облысында нһсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай ойнап, бұрқасын болады.

Шымкент пен Түркістанда найзағай ойнайды, бұрқасын болады деп болжады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, бұрқасын күтіледі.

Оралда найзағай ойнайды, бұршақ жауады.

Солтүстікте, батыста, Ақтөбе облысының орталығында – найзағай ойнайды.

Мөлдір Төлебай
Сейсенбі, 17 Мамыр, 2022 18:58
Талқылау