Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бірнеше ауданында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" мамандары Қазақстанның бірқатар ауданында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дауыл

Синоптиктердің мәліметінше, 28 мамырда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі ауданда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай жауып, бұршақ жауады. 

Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанды. Қызылорда облысында да 28 мамырда жел соғып, найзағай күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Жел жылдамдығы таулы аудандарда 17-22 м/с жетеді деп күтіледі.

Талқылау