-37 градусқа дейін суытады: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,
жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші
15-20 м/с.
Орал қаласында 14 қаңтар тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%
14 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу
бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 аязға дейін төмендейді,
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Петропавл қаласында түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с
күтіледі. Қызылорда қаласында 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
