Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райына байланысты еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дауыл

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Талдықорған қаласында түнде 04-06 қазанда 1-3 °С үсік сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 04 қазанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысының батысында көктайғақ күтіледі.

Дидар Халық
Жексенбі, 03 Қазан, 2021 17:50
Талқылау