Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз болады
"Қазгидромет" РМК еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
30 желтоқсанда Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градус аязға дейін күрт төмендейді, түнде 31 желтоқсанда-01 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 38 градус аяз болады.
30 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 31 желтоқсанда-1 қаңтарда Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35, облыстың солтүгінде 38 градус аязға дейін күрт төмендейді.
30-31 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35 градус аязға дейін, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градус аязға дейін күрт төмендейді.
1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36, кей жерлерде 39 градус аязға дейін төмендейді.
30 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі
30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
