Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашын болмайды.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, жел күшейеді – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында – тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ, төменнен соққан боран, желдің екпіні — 15-20 м/с. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар облысында түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысында түнде, Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с. Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.


Жіберіп алмаңыз:

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Бишімбаевтың қорғаушылары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Астананың үздік логотипінің авторы 8 млн теңгеге ие болады

Атырауда қоқыс жәшігінің жанынан нәресте табылды

Талқылау