Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігі "қызыл" аймаққа кірді

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2021 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша "сары" аймақта тек бір ғана облыс – Алматы облысы орналасқан.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.

25 шілдедегі деректер бойынша 78 917 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде:

стационарларда – 23 046 пациент бар,

амбулаториялық деңгейде – 55 871 пациент.

COVID-19-бен симптомды және симптомсыз ауырғандардың ішінде:

ауыр халде – 1 438 пациент,

аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 284 пациент,

ӨЖЖ аппаратында – 182 пациент бар.

Талқылау