Соңғы жаңалықтар

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында қатты жел, тұман және көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидроментке сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда алдағы күндері аяз болып, қар жауады

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні секундына 15 метр болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр, Мұғалжар ауданында түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 15-20 м / с, күндіз екпіні секундына 25 м / с жетеді. Оралда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

16 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр