Еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
25-26 маусым аралығында Қазақстанның 7 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке” сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжануда. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында да өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 38 градус қатты жылу сақталады, өрт қаупі өте жоғары.