Еліміздің 11 аймағында дауылды ескерту жарияланды

23 шілдеде Нұр-Сұлтан және еліміздің 10 аймағында қатты жел мен найзағайдың салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның 4 облысында қатты дауыл соғады

Нұр-Сұлтанда күн күркірейді.

Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркірейді. Батыс, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында да күн күркірейді.

Күндіз 23 шілдеде Атырау облысының батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 18 м/с. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте қатты ыстық 36 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде қатты жауын жауады, кей жерлерде күн күркіреп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күн күркірейді,дауыл мен шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыс, солтүстік желдің екпіні секундына 17 метрге жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстікте 38 градусқа дейін ыстық болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болып, солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда күндіз солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр