Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі партиялардың сайлау алды кезекті агитациялық жұмыстары қалай өтті

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттығына депутаттарды кезектен тыс сайлау  өтеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде додаға түсетін кандидаттар мен партиялардың насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі партиялардың насихат науқаны қалай өтіп жатқанын назарға ұсынады.

"AMANAT" партиясы

Аманат 8

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мақсат Толықбай Түркістан облысының Бәйдібек ауданында болып, ақсақалдар алқасымен, кәсіпкерлерімен, ауыл жастарымен, көп балалы аналармен және спортшылармен бірқатар кездесу өткізді. Тұрғындарды толғандырған түйткілді мәселелерге құлақ түріп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 23 күн ішінде аманаттықтар 3 194 300 қазақстандық қатысқан, 26 200 іс-шара өткізген.

Күн сайын сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдаулары партия мүшелеріне үгіт-насихат жұмысын жүргізеді. Аманаттықтармен ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына үміткер беделді, белгілі азаматтар, сондай-ақ партияның сенімді өкілдері сөйлесуде. Бүгінде ел аумағында 24 399 партия мүшесі қамтылғаны айтылады.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

Ауыл партия 8

"Ауыл" партиясының делегациясы Павлодар облысы Набережная ауылында орналасқан "Андас Agro" ЖШС жұмысшы ұжымымен кездесті. Серіктестік көкөніс өсіру, сақтау және сатумен айналысады.

"Ауыл" партиясының негізгі мақсаттарының бірі – еңбек адамының қадірін арттырып, мәртебесін көтеру. Сондай-ақ,  оларға ауыл шаруашылығы өндірушілері ретінде артықшылықтар бере отырып, "ел асыраушысын" қастерлеуді қалыптастыру. Себебі елді адал маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген, қолында күрегі мен кетпені, алдында малы бар адамдар ғана асырайды. Аграрлық сектордағы өнімнің жемісі  – тікелей қарапайым еңбек адамдарының, яғни сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. "Алтын, күміс – тас, арпа, бидай – ас". Адам таспен емес, аспен қоректенеді. Міне, соларға қамқорлық жасауымыз керек. Сондықтан да, "Ауыл" партиясы бүгінде еңбек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалыптастыру, еңбеккерлер абыройын асқақтату, беделі мен танымалдылығын арттыру жөніндегі барлық іске бастамашы, ұйытқы болып қана қоймай, соның заңнама тұрғысында нақты мәртебеге ие болуы үшін күш салып жүр. Еңбек адамының мүддесі – біздің мүдде! Сайлауда "Ауыл" партиясын қолдаңыздар!", – деді жиналыста сөз сөйлеген кандидат Николай Арсютин.   

"Ауыл" партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысып, үгіт-насихатын тыңдаған қос кәсіпорын жұмысшылары партияның ұстанған бағыттарына ризашылықтарын білдірді. Жиын барысында олар кандидаттарға сұрақ қойып, ұсыныстарын аманаттады.

"Ақ жол" партиясы

Ак жол партия 6

"Ақ жол" партиясы республикалық шабының мүшелері Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлермен кездесті.

"Ақ жол" демпартиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлердегі жұмысын жалғастыруда. Кеше олар Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. 500-ге жуық адам жиналған "Естай" орталық мәдениет сарайында "Ақ жол" кандидаттары партияның саяси бағдарламасын таныстырды.

Жиынға партия төрағасы Азат Перуашев, төраға орынбасарлары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Павлодар облысынан бір мандатты сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, облыс тұрғындары және қолөнершілер қатысты.

"Ақжолдықтардың" мұндай кездесулердегі ерекшелігі – олар кандидаттардың көпшілігі сияқты жоспарларын ғана айтып қоймайды. Сайлаушылар енді үгіт-насихатшылардың құрғақ уәдесін тыңдағысы келмейді, әлеуметтік желілерде халықтың мұндай үгітшілердің сөзін бөліп, одан да депутаттық мандатқа үміткердің нақты қандай мақсатқа қол жеткізгенін айтуды талап ететін видеолар көп. 

"Ақ жол" партиясының өкілдері бағдарламаның таныстырылымын әр тақырып бойынша өз іс-әрекеттерінен нақты мысалдармен дәлелдеп, қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндайды. 

Мұнан соң, Азат Перуашев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов жексенбіге қарамастан Павлодардағы баспа үйіне барып, жаңадан баспа желісінің жұмысымен танысып, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. 

Одан кейін "Ақжолдықтар" Екібастұз қаласына келіп, "Горэлектросеть" және Су арнасы кәсіпорнының басшылығымен қалалық коммуналдық қызметтің жай-күйін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тарифтік саясатының мәселелерін және энергетика саласындағы делдалдардың үстемдігін талқылады. 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

ЖСДП 7

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының республикалық штабында жиын өтті. 

Депутаттыққа кандидаттар сайлауалды науқанын жүзеге асыру бойынша бағдарламасы мен алдағы жоспарын тағы бір пысықтап алды.

Жұмыстарының аралық қорытындысын шығарып, алдағы аптаға міндеттерін айқындады. Жалпы саяси ұйымның үгіт-насихат парақшаларын таратып, плакаттарын ілуге мыңнан аса волонтер жұмылдырылған. Еліміздің барлық аймағындағы штабтар жұмысын тоқтатқан жоқ. Бүгінге дейін саяси ұйым мүшелері 500-ден астам іс-шара өткізді.

"Үш апталық жұмыстың қорытындысына келдік. Жоспарлаған 500 іс-шараны өткіздік, қазір енді осы соңғы аптада 300 шара жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам волонтеріміз бар. 20 өңірде 20 филиалымыз бар. Үгіт-насихат қағаздары, газеттері барлық өңірге жетті толық. Көбісі таратылды", - деді ЖСДП мүшесі Талғат Омаров.

Талқылау