Еліміздегі мемлекеттік құпия құжатпен таныс болғандарға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынбақ
Мемлекеттік құпия құжаттармен таныс адамдарға енді шетелге рұқсатсыз шығуға болмайды. Әйтпесе жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңға толықтыру енгізуді ұсынды. Бұл құжат түрлі қызметте істеп кеткен тұлғалардың мемлекеттік құнды мәліметтерді жарияламауына мүмкіндік береді дейді. Қазіргі 504-бапқа сәйкес, жауапкершілік тек қазір мемлекеттік құпиялармен жұмыс істейтін адамдарға қатысты қолданылады. Ал маңызды ақпараттар сыртқа таралмауы үшін заңға өзгеріс енгізіп, бұрын да істеп кеткендерді қадағалау маңызды дейді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті құпия ақпараттың техникалық қорғалу саласындағы заңбұзушылықтар үшін де жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастырып жатыр.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді